Тәртіп сақшыларына психологиялық тренинг өтті. Түркістан облысының полиция департаментінде қызметкерлер арасындағы моральдық-психологиялық ахуалдың өзекті мәселелеріне арналған ауқымды іс-шара ұйымдастырылды. Оған сарапшы, тәжірибелі психолог және терапевт маманы қатысты.


 Сабақтың мақсаты өзара сыйластық пен қарым-қатынас дағдыларын ұштап, оны одан әрмен жетілдіру. Қатысушылар "Жанжалсыз диалог: қарым-қатынаста экологиялық байланыстың маңыздылығы" тақырыбын талқылады. Іс-шара барысында полицейлер жанжалдың алдын алудағы сыпайы және саналы диалогтың рөлін түсіндіру, жеке шекараға құрметпен қарау дағдыларын дамыту, эмпатия мен мұқият тыңдаудың маңыздылығын түсіну сияқты қабілеттерді ұштады.