«Қазақстан халқына» қоғамдық қоры арнайы мектеп ұйымдарын қажетті оқу, оңалту және түзету жабдықтарымен де қамтамасыз етіп келеді. Қордың демеуімен қаладағы «Көмекші мектеп-интернаты» оқу кабинеттерін жаңа құралдармен жабдықтап алыпты. Білім ұясына бөлінген 30 млн теңгеге жуық қаржы балалардың білімін жетілдіруге оң ықпал етуде.
Бұл мектеп-интернатта зиятында жеңіл деңгейдегі бұзылысы бар балалар білім алады. Оларды қоғамға бейімдеуде білім ұясы мұғалімдерінің еңбегі зор. Десекте технология дамып жатқан уақытта арнайы кабинеттерге заманауи құрал жабдықтар қажет. Осы қажеттілікті «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры жеткізіп отыр.
НАРТАЙ ШОРАБЕК, «КӨМЕКШІ МЕКТЕП-ИНТЕРНАТЫ» КММ ДИРЕКТОРЫ
Ол балаларды біз осында 10 жыл тәрбиелеп қоғамға қосамыз. Тең мүмкіндіктер деген бағдардлама бар. Біздің мекеменің ең бірінші мақсаты баланы еңбекпен тәрбиелеу.
Мектепте 20 сынып бар. Биылдың өзінде 131 бала білім ұясынан түлеген. Қордың қаржысына ұлдарға арналған слесарлық кабинет, қыздарға арналған тігін кабинеті толықтай жаңартылған. Енді ерекше балалар заманауы құралдарды қолданып алғашқы кәсібін игеріп шығатын болады.
ГҮЛНӘР МЫҚТЫБАЕВА, «КӨМЕКШІ МЕКТЕП-ИНТЕРНАТЫ» КММ ДИРЕКТОРЫ НЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Осы жабдықталған кабинеттердің арқасында балалар жаңаша құралдармен жұмыс істеп жаңа өмірге бейімделіп жатыр. Тігін мәшинелердің жаңарғаны балалардың жұмысын жеңілдетіп жаңа өмірге бейімдеп жатыр.
Бағдарламаның мақсаты - арнайы мектеп білім беру ұйымдарын қолдау және арнайы білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайту. Балалардың білім алуына тең қолжетімділікті және олардың жеке ерекшеліктеріне, психикалық және физикалық мүмкіндіктеріне қарамастан, барлық балаларға бірдей мүмкіндік беру.