Түркістанда жаңа фармацевтикалық зауыт салынады. Бұл мәселе облыс әкімі Нұралхан Көшеров пен түркиялық инвестор арасындағы бейнебайланыс кезінде талқыланды. Кездесуде тараптар жобаны жүзеге асырудың нақты қадамдарын пысықтады.


 АЙГЕРІМ ДӘУЛЕТБЕКҚЫЗЫ, ТІЛШІ

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров шетелдік әріптеспен келіссөздердің жалғасып келе жатқанын айтып, енді нақты іске көшетін уақыт жеткенін жеткізді. Түркиялық кәсіпкер өңірдегі өндіріс алаңдарымен танысып, жобаны жүзеге асыруға дайын екенін мәлімдеді. Қазір ұйымдастыру, үйлестіру жұмыстары жүріп жатыр. Зауыттың құрылысын биыл бастау жоспарланған. Айта кетейік, бұл кәсіпорын 100-ден астам дәрілік препарат шығаратын, өнімін 50-ден астам елге экспорттайтын халықаралық деңгейдегі компания. Жоба «TURAN» арнайы экономикалық аймағы аумағында жүзеге асады деп жоспарланып отыр.