Түркістанда құқықбұзушылықтың алдын алу және қоғамдық тәртіпті сақтау мақсатында кезекті рейдтік іс-шара ұйымдастырылды. Рейд барысында тәртіп сақшылары көпшілік жиналатын орындар мен саябақтарды, ойын - сауық орталықтары мен түнгі мезгілде жұмыс істейтін мейрамхана, клубтарды тексерді. Нәтижесінде, жасөспірімдердің бірқатар заңға қайшы әрекеттері анықталды.


Тексеру нәтижесінде бірнеше әкімшілік құқықбұзушылық анықталып, тиісті шаралар қабылданды. Кейбір азаматтарға ескерту жасалса, енді бірқатарына айыппұл салынды. Сонымен қатар, жасөспірімдердің түнгі уақытта заңды өкілінсіз жүргені үшін де жауапкершілікке тартылғандар болды.



 Рейд барысында жасөспірімдер мен ата-аналарға заң талаптары түсіндіріліп, құқықтық жауапкершілік туралы ақпарат берілді. Сондай-ақ жастардың бос уақытын тиімді өткізу, салауатты өмір салтын ұстану қажеттігі жөнінде профилактикалық жұмыстар жүргізілді.


 Құқық қорғау органдарының өкілдері мұндай шаралар алдағы уақытта да жалғасын табатынын атап өтті. Мұндағы негізгі мақсат - қоғамдық тәртіпті бұзудың, ұсақ құқықбұзушылықтар мен заңсыз әрекеттердің алдын алу.