«Қазақстан халқына» қоғамдық қоры мегаполистегі Денсаулық сақтау саласына тың серпін беріп келеді. Әсіресе тірек қимылы нашарлаған дамуы кеш балаларды оңалту орталықтарына көмегі көптеп тиюде. Қордың қайырымдылығын көрген мекеменің бірі қаладағы «№2 Оңалту орталығы». Ондағы игі жобаларды тілші әңгімелейді.


 Ерекше балалардың ем-домына қажетті барлық құралдармен жабдықталған орталықтың игілігін көріп жүрген ананың бірі Жансая Лесбекқызы. Қызы Ясминаны арқалап мұнда келіп жүргеніне біраз жыл болыпты. Өздігінен қимылдамайтын перзенті ем қабылдағалы қозғалысы жақсарған. Бауыр еті баласының денсаулығы дұрысталғанына ана дән риза.


 ЖАНСАЯ ЛЕСБЕКҚЫЗЫ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ

 Біз бұл оңалту орталығына екі үш жылдан бері келеміз Бір жас сегіз айлығында белгілі болды. Осы жерден диагноз қойылды бізге содан бері осында келіп ем алып отырамыз. Осы уақытқа дейін қызымда ешқандай қимыл әрекет жоқ тұғын үлкен нәтижелерге қол жеткізіп жатырмыз.


 «Қазақстан халқына» қоғамдық қорынан «№2 Оңалту орталығына 240 млн теңгенің құрал жабдықтары алынған. Нысанның әр қабатына жеке Тұз бөлмесі, сенсорлық, интерактив, механа кабинеттері ашылған. Нәтижесінде ем алушылар саны артқан.


АЙГҮЛ САПАРҒАЛИЕВА, №2 ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАС ДӘРІГЕРІ

 Негізі біз 2012 жылдан жұмыс істейміз жылына 1500 бала оңалтудан өтетін қордан жабдықтарды алғаннан бері екі есе көбейді Жарты жылда біз 1280 бала қабылдап алдық.


 Бұл жерде өз кезегімен келген балалар 15 тәулік ем қабылдайды.Стационарға портал арқылы келеді. Амбулаторлық ем қабылдауға да болады. Орталықта білікті мамандар жетрлік. РГ терапевт, психолог, логопед, дефектологтар мен ЛФК инстукторлар қызмет көрсетеді. Қордың қайырымдылығы «№2 Оңалту орталығы жұмысына тың серпін беріп отыр.