Шымкентте азаматтық қоғам өкілдерінің қатысуымен кезекті диалог алаңы ұйымдастырылды. Qyzgaldaq сарайында IV қалалық Азаматтық форум өтті. Іс-шараның мақсаты — үкіметтік емес ұйымдар, мемлекеттік құрылымдар мен қоғам арасындағы өзара әріптестікті нығайту, азаматтық бастамаларға қолдау білдіру. Сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдарға қатысты заң жобасы кеңінен талқыға түсті.
Ашық диалог алаңына еліміздің әр өңірінен үкіметтік емес ұйым өкілдері мен басқарма басшылары келген. Сондай-ақ Қазақстанның азаматтық альянс президенті мен өңірлік альянс төрағалары да іс-шарада бой көрсетті. Форум тақырыбы: «Шымкент қаласының тұрақты дамуы: азаматтық қоғам институттарының рөлі». Мегаполисте азаматтық қоғам институттарының атқаратын қызмет аясы кеңейіп келеді. Қала әкімдігі тарапынан олардың қалыптасып дамуына, қолдау бар. Себебі бұл ұйымдар азаматтардың ұсыныс-пікірін билікке жеткізетін негізгі күш.
БАНУ НҰРҒАЗИЕВА, ҚАЗАҚСТАН АЗАМАТТЫҚ АЛЬЯНСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ
Негізі форумның мақсаты біріншіден барлық өңірде талқыланатын мәселе азаматтық бастамаларды қолдай ма билік? Азаматтық қоғам дамып жатырм а, немесе тоқтап тұр ма белсенділік арттырып жатыр ма жоқ па? Осы белсенділіктің арқасында не өзгерді елімізде, өңірімізде деп осы мәселелерге бірінші тоқтаймыз. ҮЕҰ азаматтық қоғамдағы мәселе туралы айтсам заңнама. Бүгін заңнаманы өзгерту керек. Қазір көп нәрсе өзгеріп жатыр. Конституцияға өзгеріс енгізілгелі көп нәрсе өзгерді. Біздің азаматтық қоғамда көп нәрсе жасау керек.
Азаматтық форум – идеялар тоғысып, бастамалар қолдау табатын алаңға айналды. Іс-шара барысында түрлі бағыттағы панельдік сессиялар өтті. Онда әлеуметтік әріптестік, мемлекеттік тапсырыстардың тиімділігі, жастарды белсенді азаматтық өмірге тарту, цифрландыру және қоғамдық бақылау мәселелері талқыланды. Сонымен қатар азаматтық қоғам мүшелері өздері атқарға жұмыстармен таныстырды. ҚР мәдениет және ақпарат министрлігі азаматтық қоғам істері комитетінің төраға орынбасары Елдар Сапаров ҮЕҰ қатысты заң жобасы тура баяндады.
ЕЛДАР САПАРОВ, ҚР МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ МИНИСТРЛІГІ АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМ ІСТЕРІ КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАҒА ОРЫНБАСАРЫ
Заңнамаға сәйкес бізде қазір ҮЕМ бар, Қоғамдық ұйымдар бар коммерциялық субъектілер бар. Сондай ұғымдар бірізді қолданылмай отыр. Сондықтан терминдерден шатасушылық орын алды кей кезде. Сондықтан біз ос қиындықтарды туындатқаннан кейін бірізділікті келтірсек деген ойымыз бар. Екіншіден форумға шығармашылықтың жаңа талаптарына сйәкес қолданыстағы заңнамада салада реттеудің мақсаттары, қағидасы, құқықтары мен мінддеттерін өзінің құзреті мен өкілетімен көрініс табуы тиіс. Үшіншіден ҚР коммерциялық емес ұйымдардың негізгі ұйымдық құқықтық нысандары мен түрлерін анықтау жіктеу және бекіту қажеттілігі туындап отыр. Одан бөлек коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу және тарату рәсімін қайта қарау.
Әділет департаментінің дерегінше Шымкент қаласында 1200 жуық ҮЕҰ тіркелген. 2024 жылы олар ұйымдастыратын 28 іс-шараға 260 миллион теңге қаржы бөлінсе, биыл 18 іс-шара өткізу үшін 268 млн теңге қаржы қаралыпты. Айта кетейік ашық диалог алаңы еліміздің 5 облысында түрлі тақырыпта өтті. Енді қазан айына дейін 15 өңірінде ұйымдастыру көделіп отыр. Қорытынды онекінші азаматтық форум қазан айында Астана қаласында өтеді деп жоспарланған.