Еңбектің қадірін білген ел – ұтылмайды. Елдің экономикалық тірегі саналатын зауыт-фабрикаларда мыңдаған адам күні-түні маңдай терін төгіп жүр. Ал сол үлкен жүйенің жүрегінде – технолог мамандар тұр. Бүгінгі кейіпкеріміз – жас технолог, Бейнегүл Есқали. Ол Шымкенттегі «Нұртау» зауытында жұмыс істейді.


Бейнегүл Есқалидің мамандығы – технолог. ЖОО тәмамдаған соң жастар практикасы аясында зауытта лобарант болып жұмыс бастаған. Табанды еңбегінің нәтижесінде технолог қызметін абыроймен атқарып отыр.


 Қазіргі таңда Бейнегүл технологиялық үдерістердің дәлдігін, құрал-жабдықтардың жұмыс тәртібін бақылап, өнім сапасына жауап береді. Ол үшін бұл – тек мамандық емес, үлкен жауапкершілік жүктейтін іс.


Ұжым арасында жауапкершілігімен көзге түскен маман алдағы уақытта да осы салада жұмысын жалғастырып, отандық өндірісті дамытуға үлес қосуды мақсат етіп отыр. Елдің ертеңі – осындай еңбекқор жастардың қолында. Іскерлігімен, табандылығымен ерекшеленген жас буын – Қазақстанның сенімді болашағы.