20 млн теңгенің алтынын жымқырған пәтер ұрылары ұсталды. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында пәтер ұрлығымен айналысқан бес ер адам құрықталды. Олар бөтеннің үйіне терезеден кіріп, алтын бұйымдарды ұрлаған.
Бір ай ішінде күдіктілер онға жуық үйді тонап, 20 миллион теңгеге жуық шығын келтірген. Қазір күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалған. Оқиғаның барлық мән-жайы мен болуы мүмкін эпизодтарын анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде.