Кентауды аралап, жұмыс барысымен танысып шыққан облыс әкімі қала активімен кездесіп, даму жолдарын талқылады. Бірқатар саладағы кемшіліктерге тоқталып, жауаптыларға нақты міндеттер жүктеді.
Мәжілісте Кентау қаласының әкімі Жандос Тасов пен бірқатар сала басшылары атқарылған жұмыстар туралы есеп берді. Әркім өз саласы бойынша кездескен кемшіліктерге тоқталып, шешу жолдарын талқылады. Нұралхан Көшеров «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында қала тазалығын күшейтуді тарсырды. Айта кетейік, 6 айда Кентауда жалпы өнім көлемі 41,2 млрд. теңгені құрап, 2024 жылмен салыстырғанда 113,5% өсім деңгейіне шыққан. Биылғы бюджет 9,4 млрд. теңгені құрап отыр. Жеке табыстар жоспары 2,1 млрд. теңге болса, орындалуы – 2,4 млрд теңгені яғни, 111,6% орындалған. Ал, негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемінің жоспары 11,4 млрд.теңге болса, нақты орындалуы 12,3 млрд. теңгені құрап, өсімге қол жеткен. Өнеркәсіп өнімінің көлемі 27,6 млрд. теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстарғанда 3,2 млрд. теңгеге өскен.