Бүгін Шағалалаы шардара ауданында облыстық «Оңтүстік Қазақстан» қоғамдық-саяси газетінің дәстүрлі турнирі өтіп жатыр. Бозкілемдегі бәсеке осымен 62-рет ұйымдастырылып отыр. Байрақты бәсекеде өңіріміздің жауырыны жер иіскемеген кіл мықтылар бақ сынауда. Түйе палуанға автокөлік тіркелген.
Турнирдің ашылу салтанатына облыстық «Оңтүстік Қазақстан» қоғамдық-саяси газетінің директор-Бас редакторы Абай Балажан, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Ғалымжан Худияров пен Шардара ауданының әкімі Арман Қарсыбаев арнайы қатысып, құрыш білекті балуандарға сәттілік тіледі.
БАУЫРЖАН ШОМПИЕВ, АУДАН ӘКІМДІГІНІҢ АППАРАТ БАСШЫСЫ
Балуандардың өте қатты дайындықпен келгені көрініп жатыр. Ұлттық спортты дамыту бойынша президентіміз өзі тапсырма берген болатын. Бұл жөнінде де біздің ауданымызда тиісті жұмыстар ұйымдастырылып, келе жатыр. Спорт школдар бар,спорт клубрат бар. қазақ күресінен спортшы дайындайтын жаттықтырушылар бұл бағытта жұмысын жалғастырады.
Бұл турнир – ұлттық спортты дәріптеуде өзіндік орны бар тарихи жарыс. Бозкілем бәсекесінде өңірдің ең таңдаулы балуандары белдесіп, қазақ күресі әдістерінің небір керемет үлгілерін көрсетеді.Бастауын сонау 57 жылдан алатын турнир «Қазақ күресінен кіші әлем чемпионаты»деген теңеу де алған.
АБАЙ БАЛАЖАН, «ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН» ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ ГАЗЕТІНІҢ ДИРЕКТОР-БАС РЕДАКТОРЫ
ол кездегі палуандар ол машина үшін күреспейтін. Жаңадан басталған кезде, бір жапырақ грамота, соның өзі осы оңтүстік Қазақстан газетінің турнирін алысқа шығарған. Бұны кезінде «Кіші әлем чемпионаты» дейдтін . қазір қазақ күресінен жарыстар көбейді. Басқасын айтпағанда жаңағы Қазақ барысы, Әлем барысы, Азия барысы, оларды айтпағанның өзінде қазір әлем чемпионаттары өтеді. Осының бәрінің бастауында осы турнир тұр.
Биылғы дүбірлі додада өңірдің түкпір-түкпірінен ең мықты деген 100-ден астам спортшы күш сынасып жатыр. Балуандар алдымен бірнеше салмақ дәрежесі бойынша кім мықтыны анықтайды. Сондай-ақ түйе балуан сайысының жеңімпазы жарыстың бас бәйгесі автокөлікке ие болады.
ХАМЗА ДИДАР, ДЗЮДО КҮРЕСІНЕН АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ
дайындық жасап жүрміз, жұмыс пен жаттығуды қатар жасап жүрмін. Мықты формадамын деп айта алмаймын. Бірақ десе де күнделікті жаттығуымды жасап жүрмін. Жалпы қазір 90 келіде өзімнің салмағымен күресіп жатырмын. Бірнші белдесу өте жақсы өтті.
Биылғы турнирді өткізетін орын ретінде Шардара жайдан-жай таңдалған жоқ. Бұл аудан соңғы жылдары қазақ күресі бойынша ғана емес, жалпы өңір спортының ірі орталығына айналып отыр. Мұнда дарынды жас балуандар көптеп өсіп келеді. Турнирдің дәл осы жерде өткізілуі жастарға үлкен шабыт, ал, жанкүйерлер үшін спорттық мереке болмақ.Байрақты дәсекеде Шардаралық Қайсар Шамшидинов Түйе палуан атанып жеңіл тұлпарды ұтып алды.