Әскери қызмет – ер азаматтың отан алдындағы отты борышы. Ұранды ойды бетке алған Түркістандық 50 жас қарулы күштер қатарына атанды. Енді олар 1 жыл бойы әскери іс-қимылдарға машығып, ел тынышын күзетеді.


Жас өренге жол нұсқап, бағыт-бағдар беру мақсатында жастар орталығы арнайы іс-шара ұйымдастырып, сарбаздарды салтанатты түрде шығарып салды. Сала ардагерлері жастарға әскери қызметтің мән-маңызын түсіндіріп, жігерлендірді.


 БАБАЙ АЛДАБЕРГЕНОВ, ОБЛЫСТЫҚ ҚАРУЛЫ КҮШТЕР АРДАГЕРЛЕРІ КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ

 – «Үш-төрт жыл бұрынғыға қарағанда өз еркімен әскерге кетіп жатқандар көп. Аман-есен отан алдындағы отты борышын өтеп, оралуына тілектеспіз.» 


Әскер қатарына өз еркімен аттанып, отан алдындағы парызын өтеуге оқталғандардың бірі – Асылжан Қасымжанұлы. 18 жастағы азамат «баршаға ортақ Отанды қорғау жалпыға бірдей міндет» дейді.


АСЫЛЖАН ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, ЖАС САРБАЗ

– «Мен өз еркіммен әскерге барып, адал қызмет атқаруға ант етемін.» 


Биыл облыс аумағындағы 2500-дан азамат әскер қатарына шақырылған.