Қажының рухани келбеті қандай болу керек? Дәл осы тақырып аясында аймақ қажыларының форумы өтті. Жиында бес парыздың бірі қажылыққа бару мәселесі талқыланды. Сонымен қатар, ҚМДБ форумында қабылданған қос бірдей құжат жайында айтылды.
Исламда қажылық — бес парыздың бірі. Оған барып, орындаған адамның келбеті де соған сай болуы тиіс. Яғни, ішкі рухани тазалық пен сыртқы көріністің үйлесім тапқаны өте маңызды. Ол өмір бойы ұстанатын қасиетке айналуы қажет.
БАҚДӘУЛЕТ ӘБДІРАХМАНОВ, БАС ИМАМ
«Хижра жыл санақ бойынша келе жатырмыз ғой, Зулхиджа айының 9,10,11,12 күндері болып келеді. Сол күндері ғана есептеледі қажылық уақтысы. Сол күндерде ғана үлкен қажылық жасай аламыз. Қалған уақытта жыл 12 ай бойы кіші қажылық болып есептеледі. Сол уақыттарда қажылықты өтеп келген адамдар менің қажылығым қабыл болды ма дегенді білгісі келсе, ол өткен істеген күнәләрін істемейді. Қажылықтан келгеннен кейін бұрынғы істеп жатқан күнәләрәмәздә қойып, тәубемізге келіп, Алла Тағала бізге тәубе деген есіктерді ашып қойды ғой. Тәубемізге келіп, Алла Тағалам қайтарған нәрселерден қайтып, ішпе деген нәрсені ішпей, барма деген жерге бармай шын тахуалыққа салынып жүретін болса міне қажы деген атқа лайық сол».
Форумда алдағы құлшылық сапары жайында сөз қозғалып, кездесетін қиындықтар жайлы айтылды. Бұл ретте, еліміз бойынша 15 турфирма бекітілген. Олардың тізімін ҚМДБ сайтынан көруге болады. Соларда тіркелген азаматтар ғана қажылыққа бара алады.
БАҚТИЯР ӨНЕРБАЕВ, ДІН ІСТЕРІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
«Алаяқтардың арбауына түсіп қалмас үшін негізгі сайттар бар ҚМДБ сайты бар. Біздің Шымкент қаласының имамдарының өкілдігі бар. Мешіттерге барыңыздар, сұраңыздар сол жерлерден дұрыс бағытта аласыздар. Қаражат жинап қажылыққа барғыңыз келсе, бұл енді мұсылманның бес парызының бірі ғой. Баратын болсаңыдар әбден тексерілген, өзінің тарихы бар, адамдарды алдамайтын, тек қана пайда ойламайтын туристік компаниялар бар, сол компанияларға жүгіну керек».
Жақында ғана өткен ҚМДБ форумында маңызды екі бірдей құжат қабылданды. Оның бірі құдайы ас дастарханына қатысты болса, екіншісі қазақ халқының дәстүрінде және исламдағы отбасы құндылығы тұғырнамасы. Құжатта бекітілген өзгерістерді түсіндіруді дін өкілдері бүгіннен бастады.