Шымкенттегі кәсіптік орта арнаулы оқу орындарында «Ворлдскилс-2025» чемпионатының қалалық кезеңі болып өтті. Бәсі басым байқауға 40 құзыреттілік бойынша 250-ге жуық шәкірт бақ сынады. Жеңіл өнеркәсіп және сервис колледжінің базасында студенттер тігін тігіп, дизайнерлік өнерлерін паш етті.


Ғазиза Қанан жеңіл өнеркәсіп және сервис колледжінің студенті. Ворлдскилс чемпионатына алғаш рет қатысып отырған бұрымды жарыс шарты бойынша берілген тапсырманы тыңғылықты орындап шықты. Ол небәрі екі сағаттың ішінде мына көйлекті жіпсіз яғни инелердің көмегімен тігіпті.


ҒАЗИЗА ҚАНАН, ЖАРЫСҚА ҚАТЫСУШЫ

жалпы осы колежге түсу мақсатым атақты дизайнер болу осы Ворлдскилс чипмпионатыңда 1 орын алып осы қалалықтан және Республикалықтан және мемілектік жарыстардан бас жұлде алып келу алдыға қойған мақсатым


«Ворлдскилис» чемпионатының бұл колледжде дизайн құзыреттілігі бойынша 9 үміткер бақ сынады. Жарыстың биылғы ерекшелігі чемпионатқа әлеуметтік серіктестер де қатысып жатыр.


ГҮЛМИРА ТАҒАЕВА, КОЛЛЕДЖ ДИРЕКТОРЫ

Барлық 36 құзіреттік 20 аймақ қатысады, 3 қала республикалық деңгейде Астана, Алматы, Шымкент сосын 17 обылыстан қатысушы қатысады. Сол жерде. додада бірінші болған І орын, ІІ орын, ІІІ орын алғандарды келесі жылға халықаралық қайта байқауға өтеді. Қайта байқау ішінде кім алдына түсет балмен дәлелдейді. Сол Шанхайда өтетін халықаралық Ворлдскилсқа қатысады Қазақсатан Республика атынан...


 «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында өтіп жатқан жарыс шаһардағы 11 колледж базасында 40 құзыреттілік бойынша ұйымдастырылған.


 АСАН БАБАШЕВ, БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ КӘСІПТІК БІЛІМ БЕРУ БӨЛІМ БАСШЫСЫ

ең негізгі мақсаттың бірі жұмысшыларды дәріптеу, насилхаттау, балалардың ынтасын арттыру. Сонымен қатар коллеждің иммиджін арттыру болып саналады. Үкімет тарапынан жұмысшы мамандықтарды даярлауға бар үлесін қосып келе жатыр


 Жарыс жолына шыққан шәкірттер киім тігудің қыр-сырын түрлі әдістермен жан-жақты көрсетті. Бұл оқу ордасының тағы бір ерекшелігі инклюзивті білім беру үрдісінде үздіктер сапында. Бүгінгі байқауда ерекше білім беруді қажет еткен балалар да өз өнерлерін ортаға салды.


 МЕРУЕРТ БЕКМАНОВА, КОЛЛЕДЖ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

сан техналогия құзіреттілігі бойыша осы жеңіл өнер кәсіп және сервис базасында осы чимпионат өтіп жатыр, ана жолға келетін болсақ біздің колледжміздің студентері Жандосова Айгерім Франция мемілектінде өткен Ворлдскилис чимпионатына қатысып, үздік медальмен марапаталып, министрдің қолынан алғыс хат алып сондай жетістікке жетіп жатыр


 Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жұмысшы мамандығының мәртебесін арттыру туралы тапсырмасы аймақтарда айқын сезілуде. Жас мамандарды жұмысқа тарту ісі қарқын алған. Бұл шара – халықаралық стандарттарға сай кәсіби дағдыларды дамыту алаңы. Қатысушылар өз шеберліктерін көрсетіп, үздік маман атану үшін түрлі бағыттарда сайысқа түсуде.