Түркістан қаласында дәстүрлі БАЛАFEST өнер фестивалі өтті. Ерекше қажеттілігі бар және мүмкіндігі шектеулі балалардың өнерін көпшілікке таныту мақсатында ұйымдастырылған іс-шара екі жанрда қатар өрбіді. «Ұлы Дала Елі» орталығында» өткен жиынға тілшілер де қатысып қайтқан болатын. Бейнесюжеттен көрейік.


Фестивальге қаламыздағы бірнеше оңалту орталықтары мен жалпы білім беретін мектептерден үміткерлер қатысты. Бұл күні қолөнер жанры бойынша қатысқан балалардың өз қолдарымен жасаған туындылары көрме етіп қойылды.


ҚЫДЫРҒАЛИ МҰСАҒАЛИЕВ, ҚАЛАЛЫҚ МӘДЕНИЕТ, ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ, ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ

Тақырыптық бейне роликпен бастау алып, мәдениет үйі өнерпаздарының әуезді әндерімен жалғасты. Жиында сөз алғандар қажеттілігі бар және мүмкіндігі шектеулі балалардың болашаққа деген құлшынысына, өнеріне шабыт тілеп, ата-аналарына ризашылығын білдірді.


ГҮЛСАРА ТОҚҚҰЛОВА, ОБЛЫСТЫҚ АНАЛАР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАЙЫМЫ

Өнер фестиваліне ән жанры бойынша қатысқан ерекше балалар патриоттық және Түркістан тақырыбындағы әндерін нақышына келтіре шырқады. Барлық қатысушылар арнайы алғыс хаттармен марапатталып, әрқайсысына бағалы сыйлықтар табысталды. Балаларға жасалған қамқорлық пен жақсылыққа дән риза болған ата-аналар ұйымдастырушыларға алғыстарын жаудырып, еңбектеріне жеміс тілеп, көтеріңкі көңіл-күймен тарқасты.