Бес ай ішінде 95 есірткі зертханасы әшкереленіп, 18 қылмыстық топ ұсталған. 4 тоннадан аса есірткі өнімдері тәркіленіп, 14 мыңнан астам тасымалдау сайттары бұғатталған.


Бұл экономикаға тиетін зардаптың алдын алып, 1 млрд 230 млн теңге үнемделген. ІІМ-нің мәлімдеуінше соңғы бір айда Жамбыл облысында 21 келі гашиш тәркіленіп, Алматыда 24 келі марихуана жойылған. Ал Маңғыстауда 2,5 келі апиын анықталып, Алматы облысында 190 келі а-PvP синтетикалық есірткісі және 8 тонна химиялық прекурсор табылған. Барлық күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалған