Энергетикалық сусындарды шамадан тыс тұтыну салдарынан шұғыл медициналық көмекке жүгінетіндер көбейген. Олардың көпшілігі – жастар мен жасөспірімдер. Олар өз болашағына балта шауып отырғанын білсе де жаман әдеттен арыла алмайтын көрінеді. Сөзімізді тілші жалғасын.
Соңғы жылдары энергетикалық сусындарды тұтыну тек ересектер арасында емес, жасөспірімдер мен балалар арасында да күрт артты. Жанымызда жүрген жастар қолжетімді қуат көзін іздесе, үлкендер уақытпен жарысып, оңай шешімге ұмтылады. Алайда бұл әдеттің астарында үлкен қауіп жатыр.
ДАНИЯР ЛАУЛАНБЕКОВ, КАРДИОЛОГ
Мектеп оқушылары мен студенттер арасында жүргізілген сауалнамада әрбір үшінші жасөспірім энергетикалық сусынды кемінде аптасына бір рет тұтынатынын айтқан. Ал фаст-фуд пен тәтті газдалған сусындарға әуестік – семіздік пен қант диабетінің жасаруының басты себептерінің бірі.
Аты-жөнін жасырын ұстауды жөн көрген кей іпкеріміз 22 жаста. Ол энергетикалық сусынды шамадан тыс мөлшерде тұтынып, зардабын тартқан. Жап-жас жігіт зиянды әрекетінің салдарынан жүрек әлсіздігіне ұшыраған.
КЕЙІПКЕР
Өзіне тартып тұратын бір дәм бар оның құрамында. Ауруханаға да жатып шықтым, сонда да осы нәрседен бас тарта алмадым.
Энергетикалық сусындардың құрамындағы жоғары мөлшердегі кофеин, таурин, қант пен жасанды дәм күшейткіштер адам ағзасына жүктемені арттырады. Жүрек соғысы жиілеп, қан қысымы көтеріледі, жүйке жүйесі күйзеліске ұшырайды. Уақыт өте келе ұйқысыздық, жүйке тозуы, бүйрек және бауыр қызметінің бұзылуы секілді созылмалы аурулар пайда болады, - дейді мамандар.