Түркістан облысында 63 ауыз су нысанының құрылысына бюджеттен қаржы бөлінді. 30 елді мекендегі құрылыс жұмыстарын осы жылы аяқтау көзделген. Бұл туралы облыс әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасовтың төрағалығымен өткен штаб отырысында айтылды.


Жиында өңірдегі елді мекендерді инфрақұрылыммен қамту жұмыстары туралы баяндады. Кемшіліктерге жол берген жауапты басшылар мен мердігерлерге жеке тоқталып, қатаң ескерту жасалды. Биыл облыстағы елді мекендерді табиғи газбен қамту бойынша 64 жоба қолға алынды. Жыл соңына дейін 34 елді мекенді қамтитын 38-інің құрылысын аяқтау жоспарланған. Қалған 26-сы келесі жылға өтпелі. Осының нәтижесінде облысты газдандыру 89,4 %-ға жетпек. Электр энергиясымен қамтамасыз ету бойынша биыл 45 нысанның құрылысы жүргізіліп жатыр. Жыл соңына дейін 23 нысанды пайдалануға берілмек. Қазіргі таңда 18 нысанның құрылыс жұмыстары 90 пайызға аяқталған.