Әлеуметтік желіге жазба жариялаймын деп опық жеп қалмаңыз! Түркістан облысында тыйым салынған ақпараттарды таратқан ер адам ұсталды. Өңірлік полиция департаменті, экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының өкілдері жария етуге болмайтын діни спиаттағы мәліметтерді таратқан шетелдік тұрғынды анықтаған.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, Сарыағаш аудандық сотына жолданған. Сараптама тағайындалып, нәтижесінде күдікті 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Полиция өз кезегінде тұрғындарды интернет желілердегі күмәнді сайттар мен белгісіз экстремистік топтарға қосылмауға шақырады.