Түркістан облысында халықты көгілдір отынмен қамту ісі жүйелі жүргізіліп келеді. Әсіресе шалғай ауыл тұрғындары басты назарда. Бір ғана Жетісай ауданында 105 елді мекен болса соның 86-сы газдандырылған. Бұл жалпы халық санының 81,9 пайызын құрайды.


Роза Әлімбетова 30 жылдан бері Мырзашөл елді мекенінде тұрады. Бұған дейін көмір тасып, от жағатын. Қақаған қыста пештегі от жанбай бықсып, үйдің ішін қою қара түтін басатын. Жылда бөлмелерді әктеп әлекке түсуші едік. Енді сол 30 жыл күткен қуанышты күнге қол жеткіздік. Үйде суымыз ағып, газымыз жанып тұр. Далада көшеге жарықшамдар орнатылды. Тіпті шалғайда тұрсақ та күн-көрісіміз бен тіршілігіміз қаладан кем емес, дейді ауылдағы ағайын.


РОЗА ӘЛІМБЕТОВА, МЫРЗАШӨЛ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ

Бұрын от жағып көмір тасып пәлембай мыңға 7-8 тонна көмір алып көмір жағатын едік. Міне газ келді енді уақтында отын жарып от жағып қиналатын едік. Қазір газ келді пешімізді газға қосамыз деп отырмыз. Мыңда бір шүкір. Ауылымызда свет те жанып немерелеріміз түнімен шулап ойнайды. Осы уақтқа дейін газ балон жағып қиналып жүр едік. Енді газ жағып рахаттаны отырмыз.


Қазіргі таңда Жетісай ауданды 5 елді мекенде құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде. 2025 жылы тағы 4 ауылды табиға газбен қамту мақсатында облыстық бюджеттен қаржы бөлінді. Сондай-ақ 10 елді мекеннің жобалау-сметалық құжаттары әзірленіп жатыр.


ДҮЙСЕХАН КАРАЕВ, ЖЕТІСАЙ АУДАНДЫҚ ТҰРҒЫН ҮЙ КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ ЖӘНЕ ТҰРҒЫН ҮЙ ИНСПЕКЦИЯСЫ БӨЛІМІНІҢ СЕКТОР МЕҢГЕРУШІСІ

2024 жылға облыстық республикалық бюджеттен елді мекендерді табиғи газбен қамтамасыз ету мақсатында 3,4 миллиард теңге қаржы бөлініп,20 елді мекен жыл қортындысымен газға қосылған. Биылғы жылға 9 елді мекені өтпелі,Қазіргі таңда 6 құрылыс жүргізілуде, 3 қабылданды. 2025 жылға обл бюждеттен 4 елді мекен қаржы бөлініп мердігер анықталып жатыр.


Ауданда тағы 10 елді мекенге газ жүргізу мақсатында жобалау жұмыстары дайындалып жатыр. Құжат біткен соң қаржы бөлуге ұсынылады. 2027 жылға дейін ауданды толық көгілдір отынмен қамту жоспарланып отыр.