Жоғары оқу орынын аяқтамай-ақ колледж дипломымен де жақсы жалақы алып, мардымды табыс табуға болады. Осылай деген қала әкімінің орынбасары, әкімдіктің ресми өкілі Сәрсен Құранбек колледждердің негізгі мақсатсы – жұмысшы мамандарын даярлау екенін айтады.


Нарыққа қажет қызметтің пайдасы ел үшін де азамат үшін де орасан зор, - дейді ол. Қазіргі таңда шаһарда 14 мемлекеттік, 26 жекеменшік коледждер бар. Онда студенттер мемлекеттік грант негізінде білім алып, маман атанады. Жылдан-жылға жұмысшы мамандарға басымдық беріліп, баса назар аударылып келеді. Сәрсен Айбайұлы колледж дипломымен оңай жұмыс тауып, жақсы жалақы алуға болатынын тілге тиек етті.


СӘРСЕН ҚҰРАНБЕК, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ, ӘКІМДІКТІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ

«Көбі жоғары білім алуға ұмтылады. Бірақ, ЖОО бітіргеннің өзінде жақсы маман болмасаң жалақың жоғары болмауы мүмкін. Техникалық, арнайы оқу орынын аяқтап жоғары білім алмай-ақ біліктілігің жоғары болатын болса табысы өте жоғары болуы мүмкін.» 


Ресми өкілдің айтуынша жыл бойына колледждерге зерделеу жұмыстары жүргізіліп, грант бөлу мәселесі жіті талдаудан өткен. Нәтижесінде ақысыз негіздегі квоталардың саны қысқарған. Жауаптылар мұны грант алып, оқуға келмейтін студенттердің жауапсыздығымен байланыстырып отыр. Сәрсен Абайұлы коледждерге жүктелетін негізгі тапсырма жұмысшы мамандарын даярлау екенін айтады.


СӘРСЕН ҚҰРАНБЕК, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ, ӘКІМДІКТІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ

«Негізінен алғанда колледждерге берілген тапсырма жұмысы мамандар, нарыққа керек, ол наубайханашы, дәнекерлеуші болса. Біз осы тұрғыда тапсырма беріп отырмыз.»