Шымкентте «Таза бейсенбі» экологиялық акциясы өтті. Осымен 20-шы рет ұйымдастырылған іс-шара жаңадан құрылған Тұран ауданының аумағында жалғасты. Тазалық жұмыстарына партия мүшелері мен белсенді жастар коммуналдық мекеме қызметкерлі мен ақсақалдар, жалпы 70 адам атсалысты.


Экологиялық акцияға қатысушылар көп қабатты тұрғын үй аулаларын қоқыстан тазартып, орындықтарды сырлады. Жол бойындағы қураған шөптерді орып, аяқжолдарды сыпырып, тұрғындардың жүріп-тұруына қолайлы жағдай жасады.


САТЫБАЛДЫ ӘДІЛБЕКҰЛЫ, ТҰРАН АУДАНДЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ

Тазалық иманның жартысы, дейді.Сол себептен таза болса қаламыз біздің абыройымыз ғой.Міне сол себептен осындай іс-шараға бәріміз ат салысып қатысып, жұмыс істеп жатырмыз.Елдің халықтың бірлігі тазалығы жақсы. Мол себептен барлығы ат салысып жатыр. Жастарға үлгі боу үшін өзіміз де шығып қолдан келген тірліктерімізді жасап жатырмыз


«Таза бейсенбі» - өткен жылы Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» экологиялық акциясының жалғасы. Бұған «Аманат» партиясының мүшелері мұрындық болып отыр.


ЕРМАХАН ЕРТАЕВ, AMANAT ПАРТИЯСЫ ТҰРАН АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫ

Бұл тәрбие. Адам өз тұрған ауланы таза ұстағаны дұрыс. Соның негізіндегі мына жұмыстар жас ұрпаққа өзін және қоршаған ортасын таза ұстауға үйретеді.


Жалпы «Таза бейсенбі» акциясы басталғалы 50 тоннаға жуық қоқыс жиналған. Игі бастама миллионды шаһар тұрғындарының экологиялық мәдениетін қалыптастыруға оң ықпал етіп келеді.