Шымкенттік кәріс ұлтының қызы қазақ тілін үйренушілерге арналған мобильді қосымша ойлап тапқан. Осының арқасында бастауыш сынып оқушылары үшін 200-ден аса бейнесабақ та әзірлеген. Этнос өкілі бастаманы қазақ тіліне деген құрметім деп отыр. Әрі туып-өскен елдің мәдениетін меңгеріп, салт-дәртүрін сіңіріп қана қоймай, ана тілінде еркін сөйлеуге міндеттіміз, - дейді. Start app жобасы жайында Шымкент қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясының VI сессиясында айтып берді.
Елена Лидің ұлты – кәріс. Қазақ елінде туып-өскен ару «Отаным осы ел» деп отыр. Адамды ұлты мен дініне қарап бөліп-жармайтын жаймашуақ, қонақжай елде туғанын мақтан тұтады. Қазақ тілін меңгеруім меймандос халыққа деген ілтипатым,-дейді ол.
ЕЛЕНА ЛИ, КӘРІС ЭТНО-МӘДЕНИ БІРЛЕСТІГІІНІҢ МҮШЕСІ
-Мен дайындап шыққан старт ап жоба қазақ тілін үйренуге мол мүмкіндік сыйлайды. Қазақ тілі қиын емес, оны меңгеремін деген кез-келген адамға ол оңай. Сондықтан өзге этнос өкілдерін осы тілді меңгеріп, ортақ отанымыздың ортақ тілінде сөйлеуге шақырамын.
VI сессияда Ұлттық бірегейлік пен ынтымақтастық жайы сөз болды. Аға буын ілкі заманнан келе жатқан қонақжайлылық жайында сөз қозғады. Білікті мамандар ұлтаралық татулықтың, медиация заңдылығын сөз етті. Ал жастар Тәуелсіз елдің мызғымас тірегіне айналған Ассамблеяның жұмысын жоғары бағалап жатты.
ЕРКЕН ОТАРБАЕВ, ЭТНОМЕДИАЦИЯ КЕҢЕСІНІҢ МҮШЕСІ
Шымкент қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасарлары тағайындалды. Бұл орынға өзбек этно-мәдени бірлестігінің төрағасы Тахирбек Нишанбаев пен көрей орынға өзбек этно-мәдени бірлестігінің төрағасы Юрий Пан отырды.
ТАХИРБЕК НИШАНБАЕВ, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Бүгінде қалалық ҚХА жанындағы 16 этномәдени бірлестік пен 7 қоғамдық құрылым берекелі бірлік жолын көздеген бастамалар мен жобаларды қолдап, қуаттаудан шет қалған емес. Тұғырлы татулықты ту еткен саналуан шымкенттік этнос өкілдері тарихы терең Шымқаланың қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық өміріне араласып, еліміздегі үшінші мегаполистің өсіп-өркендеуіне лайықты үлес қосуда.
ҒАБИТ СЫЗДЫҚБЕКОВ, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ
Татулық тұғыры берік елдің іргесі әрқашан мығым. Ұлттық бірегейлікті сақтап, сан түрлі мәдениетті ұйыстыра білген қоғам – жарқын болашақтың кепілі. Қоғамдық келісім мен өзара құрмет – бейбіт өмірдің бастауы. Ассамблея ел бірлігін арттырып, рухани үндестікті нығайта түседі. Бірлік бар жерде – береке бар. Сесиияда бас қосқандардың ортақ пайымы осыған саяды.