Арайлы Алматыға Шырайлы Шымқаладан. Дәл осындай атаумен Алатау бөктеріндегі Ұлттық кітапханаға жазушы, драматург, Халықаралық Алаш әдеби сыйлығының иегері Мархабат Байғұттың 80 жылдығына орай әдеби керуен келіп тоқтады. Ыстық ықыласпен қарсы алған ұжымға жазушының ұрпақтары оның біраз шығармаларын сыйға тартты.
Көркем сөз бен көсем сөздің шебері көзі тірісінде 10-ға жуық повесть пен 100-ден астам әңгіме жазған. Небәрі 30 жасында алғашқы кітабы «Шілде» жарық көріп, одан кейін өмірге бірінен соң бірі «Сырбұлақ», «Интернаттың баласы», «Дауыстың түсі», «Қорғансыз жүрек», «Әдебиет пәнінің періштесі», «Ақпандағы мысықтар», «Қозапая», «Ауыл әңгімелері» секілді прозалық және публицистикалық оқулықтары жарық көрді.
АНАР ЖАППАРҚҰЛОВА, ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЛАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ӘМБЕБАП КІТАПХАНАСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ
Сонымен қатар жазушының қаламынан 6 пьесса мен 1000-нан астам түрлі тақырыптарда мақалалар туған. «Бозторғайдың ұясы», «Жоғалған жұрнақ», «Көксу комедиясы» драмасы театр сахнасында қойылып, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.
ҒАЛЫМЖАН ЕЛШІБАЙ, ЖУРНАЛИСТ, «МЕДИАКРАТИЯ» ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ
Жазушының ұрпақтары оның біраз шығармаларын Ұлттық кітапханаға сыйға тартты. Жыл басында классик жазушының мерейтойына орай өткен конференцияда оңтүстікте «Мархабат Байғұт атындағы әдебиетшілер үйін» ашу ұсынылған еді. Бұл бойынша бүгінде жан-жақты зерделеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.