Түркістан – түркі дүниесінің рухани астанасы. Осы киелі шаһарда екінші халықаралық түркі әлемі сәулетшілері мен реставраторларының симпозиумы өз жұмысын бастады. Бұл іс-шара мәдени мұраны сақтау мен дамытуды көздейді.


Алқалы жиынға Қазақстанмен қатар Өзбекстан, Түркия, Әзірбайжан, Қырғызстан және Түркіменстаннан келген белгілі архитекторлар, реставраторлар мен мәдениеттанушылар қатысып отыр. Мақсат – түркі өркениетінің ортақ мұрасын сақтау, зерттеу және заманауи әдістермен жаңғырту.


ЕРТАЙ АЛТАЕВ, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ


Симпозиум аясында қатысушылар тәжірибе алмасып, реставрация мен сәулет өнеріндегі жаңа технологияларды талқылады.


МАРАТ ТҰЯҚБАЕВ, АРХЕОЛОГ


Түркістанда 600-ден астам тарихи және мәдени ескерткіштер бар. Көпшілігі ЮНЕСКО тізіміне енген. Оларды сапалы түрде сақтау – тек бір елдің емес, тұтас түркі халықтарының жауапкершілігі. Бұл симпозиум түркі әлемінің мәдени мұрасын жаңғыртуда маңызды рөл атқарады. Біз тарихи ескерткіштерді сақтап, келер ұрпаққа жеткізуге күш саламыз дейді сала өкілдері.


АҚТОТЫ РАЙЫМҚҰЛОВА, ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТҮРКІ МӘДЕНИЕТІ МЕН МҰРАСЫ ҚОРЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ


Симпозиумда заманауи реставрация техникасы, цифрлық сканерлеу, тарихи нысандарды қайта жобалау сынды жаңа тәсілдер таныстырылды. Түркі әлемінің түп-тамырына үңілген бұл симпозиум – өткен мен бүгінді жалғайтын көпір. Мәдени мұра – елдің рухы. Ал оны сақтау – бәрімізге ортақ міндет.


РАУШАН ТҰРСЫНОВА, ТАРИХИ-МӘДЕНИ МҰРАЛАРДЫ ҚОРҒАУ, ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ ЖӘНЕ ПАЙДАЛАНУ ЖӨНІНДЕГІ ОРТАЛЫҚТЫҢ БӨЛІМ МЕҢГЕРУШІСІ


Түркістанның тарихи келбеті – бүкіл түркі жұрты үшін киелі. Халықаралық симпозиум мәдени байланыстарды күшейтіп, тарихи құндылықтарды сақтау ісіне тың серпін береді.