Шымкенттің Әл-Фараби ауданына жаңа әкім тағайындалды. Бұл орынға Маратбек Мықтыбеков лайық деп танылды. Бұған дейін спорт басқармасында жемісті еңбек еткен азаматты шаһар басшысы қалалық мәслихаттың сессиясында таныстырды. Кезекті жиында депутаттар қарауына 10 мәселе ұсынылып, бірауыздан қолдау тапты. Әлеуметтік-экономикалық серпін беретін бастамаларды Перизат Биназарқызы жеткізсін.
Шымкенттің үш бірдей халық қалаулысы «Қазақстан депутаттарының құрметтісі» деп танылды. Тұрақты комиссиясың бірлескен отырысы осындай қуанышпен басталды. Бұл күні бюджет кіріс-шығысы, игерілмеген қаражат жайы кеңінен айтылды.
РУСЛАН БАҚТЫБАЕВ, ҚАРЖЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
Белгілі болғандай, әсіресе білім саласына бөлінген қаржы толық игерілмеген. Депуттар балаларды жазғы лагерьмен қамту ісінде шикілікке жол берілгенін алға тартты.
ҚАНАТБЕК ДОСАЛИЕВ, МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫ
Өткен жылы халықты әлеуметтік қолдауға 43 миллиард теңге қаржы бөлінген. Ол шаһардағы 100 мыңдай ардегер мен 1500 тыл еңбеккері және 2100 ОС ардагерлеріне теңестірілген азаматтардың бірретік жәрдемақысына жұмсалған. Азаматтарды емдік- сауықтыру орындарына онлайн жөнелту ісі де қарқынды.
ЖАНАТ ӨТЕБАЕВА, ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
Әлеуметтік желіде желдей ескен «Психодиспенсердегі емделуші қыздардарды қызметкерлер зорлады» деген ақапатты басқарма басшысы жоққа шығарды. Десе де халық қалаулылары орталыққа тексерісті күшейту керек деп отыр. Ал шаһарды көгалдандыру, өзен арналарын тазартып, демалыс орындарын көбейту ісі қарқынды.
ӘБІЛХАЙЫР ОҢҒАР, ҚАЛАЛЫҚ ЖАЙЛЫ ОРТАНЫ ДАМЫТУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
Мегаполисте көше аттауларын беру ісі жүйелі. Жеңістің 80 жылдығына орай 20 ардагердің есімін 20 көшеге беру ұсынысы бірауыздан мақұлданды. Биыл қала күнінде құрметті азамат атағын жылдағыдан 2 есе көп үлестірілмек. 25 азаматтың 80 пайызы еңбек адамдары.
ҒАБИТ СЫЗДЫҚБЕКОВ, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ
Сессияда көтерілген 10 мәселенің барлығы депутаттардың қолдауымен оң шешімін тапты. Қаланың әлеуметтік-экономикалық өсіміне оң әсерін беретін бастамаларға қолдау білдіргендерге шаһар басшысы алғысын білдірді.