Ұлттық ұланының 6506 әскери бөлімінде қару-жарақ пен әскери техника тексеруден өтті. Әскери саланың техникалық жай-күйін жан-жақты және объективті бағалауға «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының техника және қару-жарақ жөніндегі орынбасары-полковник Игорь Поповскийдің өзі келді.
Әскери қызметшілер техникалық тексеруге мұқият дайындалды. Жеке құрамды тасымалдауға арналған барлық автомобильдер мен автобронетанк техникасы тексерілді. Көлік құралдарының сыртқы түріне де ерекше назар аударылды. Жүргізушілерде әскери билеттер мен бекітілген көлік құралын басқару құқығын растайтын белгісі бар жүргізуші куәліктерінің болуы тексерілді. Әскери техника, қару-жарақ, инженерлік мүлік, радиациялық-химиялық биологиялық қорғау және байланыс құралдарының жарамдылығы назарға алынды. Сондай-ақ жеңіл техниканың техникалық жағдайы, қару-жарақ пен оқ-дәрілердің жағдайы тексерілді. Барлығы 200-ге жуық әскери техника тексерістен өтті