Қазақстанда тұрғын үй нарығында баға өзгерістері жалғасуда. Қай өңірлерде баға өсті, қай жерде төмендеді? Ал жалға алу бағасы қалай өзгерді? Әріптесім Айгерім Дәулетбекқызы айтсын.
Екінші нарықтағы пәтерлердің бағасы соңғы айда 0,3 пайызға төмендеген. Өскеменде бұл көрсеткіш 3,4 пайызға, ал Қарағандыда 0,8 пайызға арзандады. Орташа алғанда, екінші нарықтағы пәтерлердің шаршы метрі 541 мың 800 теңгені құрады. Жалға алу бағасы бір айда 1,4 пайызға арзандағанымен, жылдық өсім шамамен 9,4 пайызды құрады. Шымкент, Ақтөбе және Семей қалалары баға өсуі бойынша көш бастап тұр.
Ал жаңа үйлердің бағасы тұрақты түрде өсіп келеді. Орташа баға 521 мың теңгеден асты. Алматыда бұл көрсеткіш 633 мың теңгеден жоғары, Астанада – 596 мың теңге. Шымкентте жаңа үйлердің бағасы жылдық есеп бойынша шамамен 11 пайызға өсті.
АЙДОС АТАЕВ, САРАПШЫ
Мамандар бағаның өзгеруі алдағы уақытта да жалғасуы мүмкін екенін айтады. Халыққа нарық жағдайын мұқият бақылауға кеңес береді.
Орташа баға 521 мың теңгеден асты. Алматыда бұл көрсеткіш 633 мың теңгеден жоғары, Астанада – 596 мың теңге. Шымкентте жаңа үйлердің бағасы жылдық есеп бойынша шамамен 11 пайызға өсті.