Кітап - адамның сырлас досы, ойдың шамшырағы. Қағаз бетіндегі әр әріп бізге ғасырлардан жеткен үн. Оқыған адам үнсіз сөйлейтін, сөзсіз ойландыратын әлеммен тілдеседі. Мемлекет басшысының өзі кітапқа деген көңілдің көбірек бөлінуін қалап «100 кітап» жобасын іске асыруды тапсырған болатын. Бүгінде жастар қандай авторларды оқиды? Кімдерге қызығады? Сюжеттен көрейік.
Жастар көбінде классикаға емес, психологияға жақын. Осылай деген кітапханашы Гаухар Шерімқызы соңғы жылдары оқырмандар санының артып келе жатқанын айтады. Оларға бағыт-бағдар беруде 35 жылдық тәжірибесі бар маман өмірлік ұстанымдарын да қалыптастырған жағдайлардың жиі кездескенін жеткізді. Бұл ретте, 100 кітап жобасының берері мол, дейді білікті маман.
ГАУХАР ШЕРІМҚЫЗЫ, КІТАПХАНАШЫ
Әр кітап – жаңа әлем, жаңа ой. Кітап арқылы жастардың ой – өрісін кеңейтіп, олардың жан-жақты тұлға болып қалыптасуына атсалысып жүрген кітапханашылар бағдарлама бағыттаған іс-шаралар легінің де өз әсері орасан зор екенін алға тартады. Биылдың өзінде А. Пушкин әмбебап кітапханасының қоры 5 мың оқулықпен толығыпты.
ФЕРУЗА ИСАТАЙҚЫЗЫ, КІТАПХАНАШЫ
Кітап – өткен мен бүгінді жалғаған алтын көпір. Ол адамзаттың ғасырлар бойы жинақтаған тәжірибесі мен білімін ұрпақтан-ұрпаққа жеткізеді. Ал кітапхана осы байлықтың қазынасы. Бүгінде қалада 6 кітапхана мен оның 37 филалы бар.