Шымкенттегі №43 мектептің бас бухгалтері 13 миллион теңгеден астам бюджет қаражатын ұрлағаны үшін екі жылға бас бостандығынан айырылды.


Сот мәліметіне сәйкес, 27 жастағы есепші 2022 жылдың қаңтарынан 2024 жылдың тамызына дейін мектептің электронды цифрлық қолтаңбасын пайдаланып, мұғалімдердің жалақысын негізсіз көтерген. Кейін техникалық қате болды деп, артық төленген соманы жеке есепшотына қайтарған. Сонымен қатар, мектепке арналған тауарларға бөлінген қаржыны жеке кәсіпкердің шотына аударып, өз пайдасына жаратқан. Кінәсін толық мойындаған Айдана Мекемтас келтірілген шығынды толығымен өтеген. Сот үкімімен ол өмір бойына мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылды. Жазасын қауіпсіздігі төмен мекемеде өтейтін болады