Абай болыңыз! Алаяқтықтың жаңа түрі шықты. Бұл жолы өздерін банк қызметкерімін деп емес, қаржы мониторингі агенттігінің өкілімін деп таныстырады. Тіпті жұмыс орныңызға жалған тексеру хаттарын тарату мен қоса қажетті құжаттарды талап етіп, ынтымақтастыққа шақыруы мүмкін.
Бұл туралы Қаржы мониторингі агенттігі ресми түрде мәлімдеді. Хабарлама агенттіктің логотипі бар қолдан жасалған бланкке жазылып, жалған мөрмен бекітіледі. Артынша әккілер агенттік қызметкері ретінде қоңырау шалып, банктік шоттар туралы ақпаратты алдап сұрап алады. Ал қаржы мониторингі агенттігі ресми түрде ондай тексертулер жүргізбейтінін және жеке тұлғаларға хабарласып, сұрау алмайтынын алға тартты. Мұндай жағдайға тап бола қалған жағдайда тұрғылықты жеріңіздегі экономикалық тергеу департаментіне жүгіну қажет.