Жаз шыға мегаполисте шомылу маусымы басталды. Арнайы қауызы бар демалыс аймақтарына барушылар көп. Осыған байланысты санитар дәрігерлер сақтық шараларын күшейтіп, түсініктеме жұмыстарына кірісті.


Бір ғана Қаратау ауданының өзінде қауызы бар 7 жазғы демалу аймағы бар. Милионды қалада орналасқан арнайы орындарға сұраныс жоғары. Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы қызметкерлері тамақтан уланудың алдын алу шарасына кірісті. Сонымен қатар көпшілік шомылатын әуіттерде инфекциялық және паразитарлық ауруларды жұқтыру қауіпі басым.


РЫСБЕК ӘБДІРАХМАН, ҚАРАТАУ АУДАНЫ САНИТАРЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

Жаз мезгіліндегі демалу барысында басқа да жұқпалы аурулардың алдын алу жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Қазір балалардың демалысқа шығу уақытымен қатар келуіне байланысты тамақтан уланудың алдын алу, басқада жұқпалы аурулардың алдын алуға байланысты түсіндіру жұмыстарын жүргізудеміз. Қаладағы демалыс аймақтарын жүргізіп отырған кәсіпкерлерге санитарлық талаптарды қатаң түрде сақтауларын Маусым біткенге дейін осы талаптарды толық сақтауларын сұранамыз.


Санитар дәрігерлер бизнес нысандарға кез-келген уақытта тексеріс жүргізе алмайды. Кәсіпкерлікке кедергі келтірмеу талаптары бар. Десекте түсініктеме жұмыстары жүргізіліп жатыр. Тазалық пен санитарлық талаптарды сақтау көпшілікке қызмет көрсететін кәсіпкерлердің ар-ожданына жүктелмек.


МУНИРА УСМАНОВА, ӘКІМШІ

Бірінші маусымнан бастап ашылдық Әр жылы сол кезде ашыламыз. Барлық талаптар сақталып отыр. СЭС мамандары бізден су алып тексеріп тұрады.


Қаратау ауданындағы демалыс аймақтарында соңғы үш жылда тамақтан улану фактісі мен қауыздардан инфекциялық ауру жұқтыру жағдайлары тіркелмеген,-дейді санитар дәрігерлер. Бұл нәтиже профилактикалық жұмыстардың жемісі. Шомылу маусымында қауіпсіздікті сақтау үшін түсініктеме жұмыстары жалғаса бермек.