Түркістан қаласында Түркі мемлекеттері кардиологтарының ІІ құрылтайы және Қазақстан кардиологтарының XVII конгресі өтіп жатыр. Екі күнге жоспарланған іс-шараға әлемнің 12 елінен 100-ден астам жетекші сарапшы қатысып отыр.
Конгресс аясында жүрек-қан тамырлары ауруларын диагностикалау мен емдеудегі заманауи тәсілдер, жасанды интеллектің медицинадағы рөлі және басқа да өзекті тақырыптар талқылануда. Бағдарламада ғылыми симпозиумдар, пәнаралық талқылаулар және жас ғалымдардың сайыстары бар. Онлайн трансляция https://cardio-assoc.kz платформасында қолжетімді. Конгресті С.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ мен Түркістан облысы әкімдігі ұйымдастырып отыр.
СӘЛІМ БЕРКІНБАЕВ, М.Ғ.Д., ПРОФЕССОР, ҚАЗАҚСТАН КАРДИОЛОГТАР ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ