Қыркүйектен бастап мектеп оқушылары жаңа мәзір бойынша тамақтанады. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі мәлім етті. Ақмарал Әлназарованың айтуынша, жаңа стандарт дұрыс тамақтануға бағытталады. Атап айтқанда, қазір белең алып тұрған семіздік, қант диабеті, жүрек-қан тамырлары мен басқа да аурулардың даму қаупін азайту мақсатында жасалыпты.
Тамақтанудың жаңа стандартына сай тағамдардың құрамындағы қант, тұз және май мөлшері едәуір азаяды. Мәзірден құрамы табиғи таза емес және тұзды, қанты көп өнімдер алынып тасталатын болды. Керісінше оның орнына жаңа піскен көкөністің, жеміс-жидектердің үлесі артпақ. Ал, ас блогы жоқ шағын жинақталған мектептерде ыстық бутербродтан, ашытылған сүт өнімінен, маусымдық жемістер мен тұратын ланч-пакеттер дайындалады