Абылайхан Жүсіпов Нидерландтағы турнирде өзбекстандық Олимпиада чемпионын жеңіп, алтын медаль алды.


Былғары қолғап шебері 70 келі салмақ дәрежесінде Асадхуджа Муйдинхуджаевпен қолғап түйістірген болатын. Қазақ боксшысының қабағының жарылуына байланысты 1 раундтан кейін жекпе-жек тоқтатылып, алғашқы раундтың қорытындысы бойынша төрешілер Абылайханды жеңімпаз деп таныды. Жалпы бұл халықаралық турнирде Қазақстан құрамасы 5 алтын және 3 қола медальмен командалық есепте бірінші орын иеленді.