Дәстүрлі «Шымкент Аруы – 2025» байқауына қатысуға іріктеу басталды. Сұлулық пен парасаттылықты ұштастыратын, өзін-өзі дамытуға мүмкіндік беретін мәдени жобаға 150 ару қатысты.
Кастингке келген арулар, тіркеу сәті, сахнадағы жүріс.
Кастинг М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің бас ғимаратында өтті. Байқаудың ресми серіктесі Sulumodels сән агенттігі -арулардың бастамаларын қолдауға әзір.
АҚЖАМАЛ ӘБІЛДАЕВА, SULUMODELS СӘН АГЕНТТІГІНІҢ ДИРЕКТОРЫ
Біздің мақсатымыз – тек сұлулықты ғана емес, қыздардың ішкі мәдениеті мен дарынын көрсету. Байқау арқылы арулар өзін жаңа қырынан танытып, үлкен жобаларға жол аша алады. Байқауға 16-27 жас аралығындағы қыздар қатысады. Бастысы қазақ болуы тиіс
Іріктеуге үшінші мегополистің сұлулары мен жақын өңірлерден жүз елуге тарта бойжеткен қатысты. Дефиле, сахнада өз-өзін ұстау, харизма, интеллект сынды бағыттарда бағын сынады. Байқаудың финалдық кезеңі қараша айында өтеді. Жеңімпазға тәж табысталып, модельдік, медиа және халықаралық жобаларға қатысу мүмкіндік беріледі.
АРУЖАН АРЫСТАН, MISS SHYMKENT 2023 ЖЫЛ
2023 жылы қатысқанда қандай талаптардан өттік. Ең бірінші бойға, түрге, фигураға міндетті түрде қарайды. Одан соң адамның ішкі сұлулығына қарайды
Айта кетейік, 2023 жылғы жеңімпаз – Аружан Арыстан, «Қазақстан аруы - 2023» байқауына қатысып үздік 12 ару қатарына енген. Бұл байқау сұлулықтың емес, өз-өзіне сенімділік пен даму жолындағы қыздардың алаңы.