Көпқабатты тұрғын үйде тұратындар назарына! Тазалық сақтамай, дәлізде шылым шегіп заң бұзғандарға жаза қатаңдай түсті. Көп көлемде айыппұл арқалап, тіпті қамауға алынуы мүмкін. Көппәтерлі үйлердегі ортақ мүлікті пайдалануға қатысты жаңа талаптар бекітілді.


Енді үй қабырғасына жазу жазып, дәлізге велосипед, баланың арбасы сынды жеке заттарды шығарып қоюға болмайды. Заңға бағынбағандар әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Яғни:


/ГРАФИКА/ көпқабатты үйдің дәлізінде шылым шеккені үшін – 58 000 теңге,

қоқыс тастағаны үшін – 78000 теңге, қабырғаға сурет салып, жазу жазғандар – 197600 теңге айыппұл арқалайды.


Ал, егер бұл заңға талаптарын ескермей, қайталанып болмаса, қасақана жасалғаны анықталса, 20 тәулікке дейін қамауға алынуы мүмкін. Сондай-ақ көпқабатты үйлерде түнгі 22:00-ден бастап таңғы 09:00-ге дейін тыныштық сақтау қажет. Көршілеріне артық дыбыспен кедергі келтіргендерге 19 660 теңге айыппұл салынады.