Елімізде темекі қымбаттайды. Бұл өзгеріс салық және баға саясатын тиімді жүргізе отырып, табак өнімдерін тұтынуды қысқарту мақсатында қолға алынған.
Қаржы министрлігінің жариялаған бұйрық жобасына сәйкес, онда темекі түрлерінің барлығының бағасы өсетіні көрсетілген. Құжат "Ашық НҚА" порталында орналастырылған. Қоғамдық талқылау 19 маусымға дейін жалғасады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша бүкіл әлемде жыл сайын 8 миллионнан астам адам темекінің салдарынан өмірімен қоштасады екен.