2027 жылдың соңына дейін Қазақстандағы ауылдардың 99 пайызы жоғары жылдамдықтағы интернет желісіне қосылады. ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен «Қазақтелеком» АҚ 3000-нан астам ауылды интернетке қосу туралы инвестициялық келісімге қол қойды.


Жоба аясында талшықты-оптикалық байланыс желісін салу жоспары мерзімінен ерте аяқталып, шалғай аудандардағы байланыс жүйесі 2027 жылдың соңына дейін іске қосылады. Бұл цифрлық мүмкіндіктерді жетілдіріп, шалғай ауылдардағы интернет мәселесін шешуге мүмкіндік береді. «Ең бастысы – білім алу, өзін-өзі дамыту мен заманауи технологияларды пайдалануда ауылдағы бала мен қаладағы баланың мүмкіндіктері тең дәрежеде болуы тиіс» - дейді «Қазақтелеком» АҚ Басқарма төрағасы Бағдат Мусин