Денсаулық сақтау министрлігі оңтүстік тұрғындарын өте ұсақ жәндіктерден абай болуға шақырады. Күннің ысуына байланысты өңірде москиттер көбейген. Бұл лейшманиоз дертінің дендеуіне әкеліп соғуы әбден мүмкін.
Сондықтан барынша сақ болып, аурудың алдын алу үшін ақ халаттылар қорғаныш құралдарын қолдануды ұсынады. Бұл ретте, үй жануарларын үнемі скринингтеумен қатар, емдеу маңызды. Сондай-ақ үй жайлардың аумағы мен жертөлелерді тазалап, залалсыздандыру жұмыстарын жүргізу қажет. Егер теріде жара немесе түсініксіз бөртпе пайда болған жағдайда дерматологқа немесе инфекционист дәрігерге дереу жүгіну керек. Уақытылы қабылданған емнің нәтижесінде лейшманиоздан толық сауығу мүмкіндігі бар.