Мемлекет басшысы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымның іс басындағы төрағасын қабылдады.
Қасым-Жомарт Тоқаев жаһандық қауіпсіздік саласындағы күрделі кезеңде ұйымды басқарып отырған Элина Валтоненге алғыс айтып, қызметіне қолдау білдірді. Қазақ-фин байланысы біртіндеп нығайып келеді. Кездесуде президент Финляндияны Қазақстанның сенімді серіктесі ретінде сипаттап, екіжақты ынтымақты одан әрі тереңдетуге ықыласты екенін айтты. Өз кезегінде Элина Валтонен еліміздің халықаралық аренадағы беделін жоғары бағалап, ұйымның елордадағы кеңсесінің табысты жұмысына ризашылығын жеткізді.