Білікті маман болу үшін теориялық білім жеткіліксіз. Мамандық іс-тәжірибеде қалыптасады. Енді өндіріс ошақтары кадр даярлау ісіне ерекше екпін бермек. Осы бағытта мегаполисте оқытушылар мен жұмыс берушілірге арналған семинар ұйымдастырылды.
Жанна Елтанова жұмысшы мамандықтарын даярлайтын оқу орнында мұғалім. Қосымша 25 адамды жұмыспен қамтып отырған кәсіпкер. Орамал тігіп, киім, аяқ киім шығаратын цехы нағыз мамандарды тәрбиелейтін орынға айналған. Жеке шығып кәсіп ашамын дегендерден ақыл кеңесін аямайды.
ЖАННА ЕЛТАНОВА, КӘСІПКЕР
Біз осы жерге келіп, үйреніп ментерствоға ертең жақсы бір ментор болып оларға мамандықты игеруге, кәсіп ашуға үйретеміз.
Бүгінгі таңда техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін реформалау жүріп жатыр. Бұл бағыттағы «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының белсенді ұстанымы аясында Шымкент қаласында колледждер және өндірістік кәсіпорындармен өзара тығыз жұмыс жүргізілуде. Мұндағы мақсат – дуалды оқыту жүйесін дамыту. Кәсіпкерлер палатасы бұл тұрғыда бағыт-бағдар беруді күшейткен.
ЛЯЗЗАТ ШОНАЕВА, «АТАМЕКЕН» ҰКП АДАМИ КАПИТАЛДЫ ДАМЫТУ ДЕПАРТАМЕНТІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Ол жас балалар 16-17 жастағы балаларОларға үйретіп сабақ ретінде көрсетіп, біз екі күнде педагогика, психология жағынан қандай ерекшеліктер бар Жұмыскерлер өздеріне практикаға студенттерді алып, оған тәлімгер болу керек. Қандай тәсілдер приомдар бар соны үйретеміз.
Семина барысында дуалды оқытудың тиімділігін арттыруға қажетті техникалық құралдардың мүмкіндігі айтылды. Жасөспірімдердің білім алуға құлшынысын арттырудың қыр-сыры да талқыланды. Жалпы бұл жүйе елімізге 2012 жылдан бері енгізілген. Мұның тиімділігін осы салада жүргендер жақсы біледі. Өйткені дуалды оқытумен оқитындар үшін еңбек өтілі есептеледі, мамандарды даярлау үшін өндірістік базаны қамтамасыз ететін кәсіпкерлермен шарттар жасалады.