Жаңа оқу кезеңі аясында «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығында тактикалық-саптық сабақтар өткізілді. Жиын механикаландырылған бригадада жауынгерлік әзірліктің жоғары деңгейіне келтіру бойынша қолға алынған.
Сабақ барысында әскери бөлім дабыл бойынша көтерілді. Жеке құрам белгіленген уақыт ішінде өз орындарына жедел жетіп, дабылдан кейінгі іс-қимылдарға толықтай кірісті. Әскери қызметшілер жеке даярлықтарын пысықтап, жаңадан келген мерзімді әскери қызметтегі сарбаздар қару-жарақ пен көлік құралдарын қолдану дағдыларын меңгерді. Кенеттен берілген дабыл кезінде бөлімнің жауынгерлік әзірлігі бақылау тобымен бағаланды. Мұндай жаттығулардың негізгі мақсаты – бөлімшелердің арнаулы тапсырмаларды орындау қабілетін тексеру, жедел шешім қабылдауға, ұжымдық үйлесімділікке баулу болды. Бөлімше толықтай жауынгерлік дайындыққа келтірілгеннен кейін белгіленген аудандарға марш жасап, онда оқу-жауынгерлік тапсырмаларды орындады. Командирлер шеру жағдайында түрлі тактикалық шешімдер қабылдап, жеке құрамға нақты міндеттер жүктеді. Тексеру барысында әскери қызметшілердің штаттық қару-жарақпен әрекет етуі, тәжірибелік оқ атуларды орындауы, жауынгерлік даярлық пәндері бойынша нормативтерді орындау деңгейі жіті қадағаланды. Мұндай дайындықтар жеке құрамның кәсіби шеберлігін шыңдап, кез келген жағдайда тиімді әрі жедел әрекет ету дайындығын арттыруға бағытталған.
ЕРЖАН САБЫРБЕКҰЛЫ, БӨЛІМ КОМАНДИРІНІҢ ЖАУЫНГЕРЛІК ДАЯРЛЫҚ ЖӨНІНДЕГІ ОРЫНБАСАРЫ МАЙОР
Мұндай жаттығулардың негізгі мақсаты – бөлімшелердің арнаулы тапсырмаларды орындау қабілетін тексеру, жедел шешім қабылдауға, ұжымдық үйлесімділікке баулу болды. Бөлімше толықтай жауынгерлік дайындыққа келтірілгеннен кейін белгіленген аудандарға марш жасап, онда оқу-жауынгерлік тапсырмаларды орындады.