Шымкентте ұлттық бірлікті дәріптейтін – Сабантой–2025 мейрамы кең көлемде аталып өтті. Дәстүрлі мереке аясында түрлі мәдени және спорттық іс-шаралар ұйымдастырылып, жұртшылыққа ерекше көңіл-күй сыйлады.
Мерекелік бағдарламалар таңертеңнен басталып, халықтық серуенге ұласты. Қонақтар үшін татар және башқұрт ұлттық тағамдары ұсынылып, ұлттық ойындар, соның ішінде арқан тартыс, гір көтеру, қаппен секіру сынды жарыстар өтті. Ең қызығы – балшыққа құлап қалу қаупі бар “майлы бағанаға шығу” сайысы көрермендердің ерекше қызығушылығына ие болды.
АЙГҮЛ ӘМЗЕЕВА, ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫ ХАТШЫЛЫҒЫНЫҢ МЕҢГЕРУШІСІ
Жүздеген халықты бір-бірімен татулығын арттырып, еліміздегі ынтымақты арттыруға көмек беріп келеді. Бұл өзара түсіністікті арттырып, халық бірлігін насихаттайды.
Сахна төрінде еліміздің әр өңірінен келген шығармашылық ұжымдар өнер көрсетіп, көпшілікке мерекелік көңіл-күй сыйлады. Сабантой – тек этникалық мереке ғана емес, бүгінгі таңда Қазақстан халқының ынтымағы мен достығының жарқын белгісіне айналды.
ШАКИРЖАН ЕГЖАТҰЛЫ, ТАТАР-БАШҚҰРТ ЭТНО-МӘДЕНИ БІРЛЕСТІГІНІҢ ТӨРАҒАСЫ
Бұл мереке татар ұлты мекен ететін барлық аймақта өтеді. Бізге өз мәдениетімізді насихаттап, ежелдден келе жатқан дәстүрімізді жалғауға мүмкіндік беріп отырған қазақ еліне алғысымызды білдіреміз. Сабантой–бейбіт өмір мен береке-бірліктің айғағы ретінде ел есінде ұзақ сақталары анық.
Іс-шараға қала әкімдігі мен этномәдени бірлестіктер өкілдері қатысты. Олар халықты мерекемен құттықтап, ұлттық құндылықтарды сақтап, ұрпаққа жеткізудің маңыздылығына тоқталды. Шымкентте 1991 жылдан бері өткізіліп келе жатқан бұл мереке бейбіт өмір мен береке-бірліктің айғағы ретінде ел есінде ұзақ сақталары анық.