«Шымқала кештері» жалғасын тапты. «Шымсити» және «Наурыз» саябақтарында өткен көңілді кеш қала тұрғындарын серпілтіп, жайлы демалыс сыйлады. Мәдениет саласының қызметкерлері өнер көрсетіп, келушілерді таң-тамаша етті.


Өнерпаздар орестор сүйемелдеуімен жанды дауыста ән шырқады. Келуішлер әуен ырғағына елтіп, көңілді атмосфераға енді. Концерттік бағдарлама мазмұны тек аға буынды қуантпайды. Бүлдіршіндер мен жасөспірімдер де назарда. Цирк қызметкерлері балаларға сайқымазақ образын ұсынып, езуге күлкі үйірді.


НҰРЛАН ӘДІЛХАНОВ, «ШЫМКЕНТ ЦИРК» ДИРЕКТОРЫ

«Шымкент циркке келіп, мына оркесторды көре алмаған жұртқа осындай көңілді кеш сыйлап жатырмыз.» - 01:18 // C1583 //


Әрі қарай көңілді кеш «Спутник» скверінде жалғасты. «Қуыршақ» театрының ұжымы балаларды ертегі әлеміне шарлап, шытырманға толы қойылым ұсынды. Бүлдіршіндердің қуанышында шек жоқ.


МАҚПАЛ НАЗАРБАЙҚЫЗЫ, «ҚУЫРШАҚ» ТЕАТРЫНЫҢ КӨРКЕМДІК ЖЕТЕКШІСІ

«Сағат 11-де орыс тілінде, 12-де қазақ тілінде әр сенбі сайын қойып тұратын қойылымдарымыз бар. Одан бөлек міне осы кешке де келіп тұрмыз. Көрермендер жылы қабылдап жатыр. Балалардың қуанышын көріп, өзімізді де шаттық рухы кернеп тұр!» 


Балаларын ертіп серуендеген ата-аналар концерттік бағдарламаның қызықты өткенін алға тартып, өнерпаздарға алғыс айттты. Кештің нүктесін «Қуыршақ» театрының әртістері Ескендір Хасанғалиевтың «Атамекен» әнімен түйіндеп, жас өренге патриоттық рух сыйлады.