Сауран ауданында 50 орындық оңалту орталығының құрылысы аяқталды. Бұл туралы облыс әкімінің төрағалығымен өткен жиында айтылды. Аймақ басшысы жауаптыларға бірқатар тапсырма беріп, жоспарланған жұмыстардың есебін алды. Биыл өңірде 18 мәдени нысан салынып, жыл соңына дейін 6-ын пайдалануға беру көзделген. Ал, спорт саласында 26 ғимараттың құрылыс жұмыстарын жүргізу жоспарланып, оның 16-сы жыл соңына дейін ел игілігіне берілмек.
Жиын барысында алғашқылардың бірі болып сөз алған құрылыс басқармасы басшысының міндетін атқарушы Абай Тұрханов мәлімдеме жасады. Айтуынша, қазір өңірде 3 әкімшілік ғимарат салынып жатыр. Түркістан және Сауранда бой көтеріп жатқан бұл ғимараттар жыл соңына дейін пайдалануға тапсырылмақ.
АБАЙ ТҰРХАНОВ, ҚҰРЫЛЫС БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ
77,6 млиарт теңге қаралған 2025 жылы 30 жаңа нысаның 27 сіне мемелекетік сатып алу конкурстары аңықталып мердіге техникалық қадағалау мекемелермен келісім шарттық жасалған қалған 3 нысанға конкурс жарияланбаған
Тұрғындар үшін қолайлы жағдай жасап қаланың әлеуметтік инфрақұрылымын жақсартуға бағытталған жобалар легі мұнымен тоқтамайды. Білім саласында да бірқатар нысандар бой көтерілмек. Жоспарланған 17 нысан құрылысы қазір жүргізіліп жатыр. Биыл оның 4 –і пайдалануға тапсырылып, қалған 13 –і жылға өтпелі.
НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ
Аудан қалалар құрылысы жүргізіліп отқан әлеуметік нысандар мерзімінде және сапалы аяқталуын қамтамасыз етуді тапсырам 2025 жылы жоспарланған мемілекетік сатылау рәсімдерің шұғыл аяқтауды егер сатып алу болса сатып алу бойынша пеблатинг конкрыстарын бастап бітірініздер билы құрылысы жоспарланған әлеуметік нысан аудан қала әкімдерің салаға жауапты орынбасрларын тәртіке шара көруді тапсырам құрылысы жұріп жатқан барлық нысандардың сапасын тұрақты бақылауда ұстауды барлықтарынызға тапсырам 00:35
Айта кету керек, биыл 86 нысанның құрылысын іске асыру үшін бюджеттен қаржы қаралған. Оның ішінде, 30-ы жаңа, 56-сы өтпелі. Жыл соңына дейін 49-ы ел игілігіне берілмек. Қалған 37-нің құрылысы 2026 жылы аяқталмақ.