Әскери борышын өтеуден жалтарғандарға жаза қатаң. Соны біле тұра, әскерге баруға ынтасы жоқ жастар қатары көбейген. Оның себеп-салдарын қорғаныс министрінің бірінші орынбасары түсіндіріп берді. Сұлтан Қамалетдинов мұның себебін соңғы уақытта жиілеп кеткен қайғылы оқиғалармен емес, қазіргі жас буынның еркіндікке еттері әбден үйреніп, темірдей тәртіптен қашуымен байланыстырып отыр. Ал шаһар жастары бұған не дейді? Шынар Әуелбай сұрап білді.


БЛИЦ

-Көшеден күштеп алып кетіп жатады ғой, көзқарасыңыз қалай? –Дұрыс емес, бірақ өзі баруы керек қой!

-Дұрыс емес! Өз еркімен баруы керек!

-Әр бала өз отанын қорғап, өзінің отан алдындағы борышын өтеп келген дұрыс!

-Күштеп болмайды ғой, дұрыс өтеуі керек бірақ, қашатындар бәрібір қашып кетеді ғой.


Қоғам пікірі тағы қақ жарылды. Бірі ер азамат әскери борышын күштемей-ақ өтеуі тиіс десе, енді бірі әркімнің еркіне салынуы керек дейді. Өткен аптада ғана осыған қатысты тағы дау шыққан еді. Трейдс желісінде Эльмира есімді ару Foundation бағдарламасын аяқтап, университеттен ресми шақырту алған інісін күштеп әскерге алып кеткенін хабарлаған еді. Айтуынша, әскери комиссариат қызметкерлері полициямен бірлесіп, Назарбаев университетіне оқуға түскен жігітті ұстап, алып кеткен. Мұны жауаптылар көптеген азаматтардың тіркелген жерінде тұрмауы не болмаса нақты мекен-жайы бойынша тіркелмеуі салдарынан болатынын ескертті.


СҰЛТАН КАМАЛЕТДИНОВ, ҚР ҚОРҒАНЫС МИНИСТРІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ

“Көптеген себеп бар. Біріншіден, әр адам өз ортасында, белгілі бір ұжымда тәрбиеленеді. Бұл ретте отбасында, балабақша мен мектепте тәрбие мен тәлім алады. Олардың кейбірінде үрей болады. Себебі өз үйіндегі жайлы өмірге, еркіндікке, өмірінің қалыпты регламентіне үйреніп алған жастар әскердегі жаңа тәртіпке сескене қарайды, яғни мүлдем басқа ортаға түседі. Бұл - қалыпты құбылыс. Келесі маңызды мәселе - осы адамның бұл үрейді қалай жеңуіне қатысты. Бұрын анасы бәрін жасап беретін – бөлмені жинап, тамақ дайындайтын. Ал мұнда – төсегін өзі жинауы тиіс. Атап айтқанда, бұл жағдайды біздің ортақ проблемамыз деп санаймыз және оны бірлесе еңсеретін боламыз”, - дейді Қамалетдинов.


Ерасылдың жасы қазір небәрі 16-да. Авто-электрик мамандығы бойынша білім алып жүр. Бірақ 2 жылдан соң әскерилер қатарынан міндетті түрде шақыртусыз-ақ табыламын деп отыр. Себебі, әскери борышты өтеу – әр азаматтың міндеті болуы тиіс деген пікірде.


ЕРАСЫЛ ТҮЙМЕЛІ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ

Қазақстандағы әр ер азаматтардың міндеті ол –әскери борышты өтеу.  Мен сол үшін әскерге барамын деп ойлаймын.


Министрліктегілер мен әскери комиссия қызметкерлері азаматтарға алдымен шақырту қағаздарын жіберетінін алға тартады. Кейін медициналық тексеруден өтуге мен заңда көзделген қосымша шараларға жіберіледі. Ал, әскерге шақырудан жалтарғандар әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Еске салайық, мамыр айында Шымкент қаласынан 30 жас әскерге аттанған.