Жыл басынан бері қазақстандық спортшылар 345 медаль еншілеген. Оның 120-сы алтын, 116 күміс және 109-ы қола жүлде. Паралимпиадалық және сурдлимпиадалық спорт шеберлері 68 медаль жеңіп алған.


Ал жазғы спорт түрлері бойынша ел қоржынына 189 медаль, қысқы спорт түрлері бойынша 38 жүлде түскен. Басты оқиғалардың бірі – бокстан Сербияда өткен әйелдер арасындағы әлем чемпионаты. Бұл сында 51 келі салмақ дәрежесінде күш сынасатын Назым Қызайбай жүзден жүйрік танылып, үш дүркін әлем чемпионы атанды. Сондай-ақ Қазақстан құрамасы олимпиадалық емес спорт түрлерінен 50, ұлттық спорт түрлерінен 47 жүлде қанжығалаған. Бұл ел спортының жылдан-жылға дамып, жүлдегерлер қатарының көбейіп келетінін көрсетеді дейді жауаптылар