«Ізетті зейнеткер» мекемесі. Бұл мегаполис қариялары демалатын құт мекен. Аталған мекеме «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасы аясында құрылған.Орталық тынысымен ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Данабек Исабек арнайы барып танысты.


Мекеме ғимаратының жалпы аумағы — 3 699, шаршы метр. Демалушылар үшін таза ауада серуендеуге арналған аула, көгалдандырылған алаңдар, орындықтар, су бұрқақ және шағын саябақ қарастырылған. Бұл — қариялардың тынығуы мен психологиялық демалысы үшін қолайлы жағдай жасауға бағытталған.


ТҰРДЫХАН МАХАНОВА, БАТЫР АНА

Парафині бар барлық емі жақсы. Талай жерге барып жүрміз бүл жердің қызметі де жақсы қыздары да жақсы.


Депутат Данабек Исабек мекеменің жұмысымен жан-жақты танысып, қызмет сапасына оң бағасын берді. Қариялармен кездесіп, хал-жағдайын сұраған халық қалаулысы бұл орталықтың «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасында көзделген маңызды әлеуметтік жобалардың бірі екенін атап өтті.


ДАНАБЕК ИСАБЕК, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ

Аралап шықтық көрдік өте керемет барлық қарияларымыз апаларымыз ризашылығын білдіруде. Мен өзім көңілім толып отыр. Барлығының көңілдері өте көтеріңкі Осы жердегі қызметкерлер дұрыс емін беріп дұрыс жағдайын жасап отырса олар батасын айтып кетедіу.


Айта кетейік, «Ізетті зейнеткер» орталығына жолдама алу процесі толық цифрландырылған. Зейнеткерлер geo-shym.kz/ порталы арқылы электрондық цифрлық қолтаңбамен тіркеліп, онлайн өтінім бере алады. Өтініш бергеннен кейін кезек ретін де электронды жүйе арқылы бақылауға мүмкіндік бар.