Түркістан облысы Келес ауданындағы «Ecoculture-Eurasia» жылыжай кешені еліміздегі ең ірі жылыжай болмақ. Ақтөбе ауылдық округіндегі салынып жатқан өнеркәсіптік жылыжайдың жалпы аумағы 500 гектар жерді алып жатыр. Жобаның бірінші кезеңінде 51,26 гектар жерге құны 42 миллиард теңгені құрайтын өнеркісіптік жылыжай кешені салынып, 1000 адамды жұмыспен қамту жоспарланған.



ҚАНАТ ЖҮНІСБЕК. ЖУРНАЛИСТ

Аптапты ыстыққа қарамай өндірістік кешен аумағында құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр. Қазір негізгі қазандықтардың құрылыс біткен және жылыжайлардың үстіңгі жаппа жұмыстары да толық аяқталуға жақын. Бұйыртса тамыз айында алғашқы жылыжай кешені іске қосылатын болады.. 


«Қазақстан Даму Банкі акционерлік қоғамынан 23,5 миллиард теңге көлемінде жобаны қаржыландыру мақұлданған. Қазіргі таңда құрылыс басында 78 техника мен 312 адам жұмыспен қамтылған.Жалпы жылыжай кешені 8 блоктан тұрады. Жалпы қуаттылығы 14 МВ тық 9 жылу қазандығы орнатылады. Жылыжай кешенінің жылу беру қазандығы 80 пайызға аяқталды.


МҰСАЛИ ТАСПОЛОВ, БАС ЭНЕРГЕТИК

Мынау көріп тұрғандарыңыздай қазандығымыз дайын болып қалды. Жанындағы юмкост 10 мың куб. Сол ыстық су соған істеп беріледі. Кейін сол ыстық су кешенге беріледі. 50 гектардың қазір 25 гектары дайын болды. Тех колидор дейді осының төбесі жабылса болды. Осымен барып тамыз айында алғашқы 25 гектарын іске қосамыз,деп отырмыз. Құрылыс қарқынды адамдарымыз жеткілікті. Бұл технология барлығы Голандиялық технология Өте заманауи үлгіде өзі компютерлері бар барлығын компютерде басқарады. Ауаның температурасы мен ішкі температураны салыстырып өзі қалыпты ұстап тұрады.


 Аудан тұрғындары тәжірибе алмасу және біліктілігін арттыру мақсатында 100 жұмысшы Ресей Федерациясының Санкт-Петербург, Тула,Солнечная Долина қалаларында 90 күн оқуға жіберілген. 2025 жылдың тазым айында өндірістік жылыжайдың 51,26 гектарын іске қосу жоспарланған.


ӨМІРСЕРІК АЛТЫНБАЕВ, КЕЛЕС АУДАНДЫҚ КӘСІПКЕРЛІК ЖӘНЕ АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒЫ БӨЛІМІ БАСШЫСЫНЫҢ МІНДЕТІН УАҚЫТША АТҚАРУШЫ

Бұл жердегі жылыжай кешеніне «Мелис» деген қызанақтың сорты егіледі. Жалпы 1 миллион 250 дана көшет отырғызу жоспарланған. Қараша айында алғашқы өнім аламыз,деп жоспарлап отыр. Жалпы қазіргі көлемге алынатын өнім 25 мың тоннаны құрайды. Жоба іске асып бастаған кезде 51 гектар жылыжай аумағынан 1000 адамды тұрақты жұмыспен қамту жоспарланып жатыр. 


 Алғашқы өнім Қараша айында жоспарлануда. Жылыжай кешеніне қызанақ өнімін алудың Голландиялық технологиясын ендіру арқылы жылдық қуаттылығы 25 000 тонна өнім алу жоспарлануда.