Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай «Созақтан Түркістанға» экспедициясы басталды. Танымдық-тағылымдық мақсатты көздеген рухани керуен ел тарихы мен мәдени мұраны насихаттауға, сондай-ақ этнос өкілдері арасындағы бірлікті нығайтуға бағытталған. Тақырыпты тілшіміз сабақтайды.


Экспедиция мүшелері бүгін Түркістандағы «Достық үйінен» сырлы Созаққа жол тартты. Делегация құрамында «Ассамблея жастары» қозғалысының өкілдері, қоғамдық даму басқармасының қызметкерлері, БАҚ өкілдері мен блогерлер бар.


БАТЫРБЕК АТАБАЕВ, САУРАН АУДАНЫ «АССАМБЛЕЯ ЖАСТАРЫ» МҮШЕСІ

Осы Қазақстан Ассамблеясының отыз жылдығында «Ел тану» жобасы жүріп жатыр. Соған Созақтан Түркістанға экспедиция. Сол экспедицияны Созақ ауданындағы қазақ хандығының бірінші астансы болған Созақ қалашығына тоқталдық. Сол жермен таныстық. Одан кейін Қарабура әулиеге бас соқтық. 44-40. Жастарды этнос өкілдерін туған өлкенің табиғи мұраларын, табиғи орындармен таныстыру жақсы алға қойылған мақсат деп ойлаймын мен.


Жолсерік ретінде жүрген азаматтар да өңірге қызығушылықтың артқанын айтады.


ӘЛИХАН ШАБАНОВ, ТУРИСТЕР МЕН ЗИЯРАТ ЕТУШІЛЕРДІ ТАСЫМАЛДАУШЫ

25 жылдан бері адам тасып келем. Міні бүгін Созақтан, Жамантастан түстік. Ауа – райы көрінісі тамаша. Әр тасын тепсеңіз құпия шығатындай сезіледі. Москвадан жан-жақтан келіп жатыр туристер мен зиярат етушілер.


Экспедиция барысында тарихи-мәдени орындар таныстырылып, экологиялық «Таза Қазақстан» акциясына үлес қосу көзделген. Сонымен бірге сапар желісі бойынша деректі фильм түсірілуде.



ТЕЛЬМАН БЕЙСЕНОВ, ЖУРНАЛИСТЕР МЕН БЛОГЕРЛЕР КЛУБЫНЫҢ МҮШЕСІ

Қазақстан халқы ассамблеясының отыз жыдығы аясында ұйымдастырылған болатын бұл шара. Аты атап тұрғандай Созақтан Түркістанға атты жоба. Шын мәнінде қатарымызда этнос өкілдерінің жастары болды. Осы екі күн ішінде Түркістанға келіп жеттік. Қаншама тарихи жерлермен танысып үлгердік. Бұл жоба алдағы уақытта жалғасын табады деп ойлаймын. Себебі өте қажетті.


Танымдық экспедиция Түркістанда қорытындыланбақ. Жастар үшін бұл сапар рухани байлық қана емес, сонымен қатар жаңа идеялар мен ынтымақтастыққа жол ашары сөзсіз.